политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Қазақстанда қанша қолма-қол ақша бар және оны қаншалықты жиі пайдаланады?


10.01.2024 06:37

Ұлттық банк жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, қолма-қол төлемді көбірек ұнататын халық үлесі 60 пайызға жуықтайды.

Ұлттық банк Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша айналыстағы қолма-қол теңге көлемі 3,5 триллион теңге болғанын хабарлады.

Ұлттық банк мәліметінше, қолма-қол ақшасыз төлем инфрақұрылымының белсенді дамуына қарамастан, айналыстағы қолма-қол ақшаның динамикасы тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Айналыстағы қолма-қол ақшаның орташа жылдық өсу қарқыны соңғы 5 жылда 9,9 пайыз болған.

Ұлттық банк жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, қолма-қол төлемді көбірек ұнататын халық үлесі 60 пайызға жуықтайды.

Қолма-қол ақша аймақтарда жиі қолданылады:

  • қолма-қол ақшалай төлемдердің 81 пайызы Атырау облысына тиесілі;
  • Павлодарда – 77 пайыз;
  • Батыс Қазақстан бойынша – 74 пайыз;
  • ең азы – Алматыда, 36 пайыз;
  • шағын елді мекендерде (68 пайыз) қалаларға (54 пайыз) қарағанда қолма-қол ақшаны жиі пайдаланады.

"Негізінен қолма-қол ақшасыз төлемдердің республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда қолданылатынын, сондай-ақ тұрақты интернеттің болуына және смартфондарды пайдалануға тәуелділігін ескере отырып, өңірлерде қолма-қол ақша өзекті болып қала береді.

Сонымен қатар, халықтың 72 пайызға жуығы қолма-қол ақша алу үшін банк картасын пайдаланады. Осылайша, зерттеу нәтижелері қолма-қол ақшаның халық пен шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында маңызды төлем құралдарының бірі ретінде өз орнын сақтайтынын көрсетті", — деп атап өтті Ұлттық банк.

Сурет: Tengrinews.kz


Tags

В стране

»

Собчак повторно оштрафовали за просрочку уплаты предыдущего штрафа


»

Путин выразил надежду на скорую встречу с Моди


»

Умер бывший владелец агрохолдинга «Макфа» Валерий Юревич


»

Популярный пляж в Приморье не прошел проверку после дождей: купание запретили


»

МЧС сообщило о локализации пожара на складе в Красноярске


»

Тайфун "Саола" обрушился на Гонконг, парализовав работу города


»

Экономист Маликов объяснил, почему зумеры легко тратят деньги


»

Медведева высоко оценила выступление Гуменника на Олимпиаде 2026


»

Мурашко назвал здоровье населения общенациональным достоянием


»

Собянин: силы ПВО сбили пять летевших на Москву беспилотников


»

Медведев объявил о 3,5 млн предложений в программу «Единой России»


»

Мужчина пострадал при атаке беспилотника ВСУ на предприятие в Курской области


»

Путин одобрил выделение Белгородской области более 300 млн рублей


»

ВСУ потеряли до роты солдат в боях за населенный пункт Зеленое


»

Жителей Харьковской области расстреливали и атаковали БПЛА при попытке эвакуации



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]