политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Шымкентте әлемдік жұлдыздардың қатысуымен ауқымды концерт өтіп, жастар жобаларының тұсауы кесіледі


12.10.2023 18:09

Үшінші күн қатарынан Шымкент қаласында жастарға арналған тренингтер мен шеберлік дәрістері өтіп, жастар түрлі сала мамандарымен кездесіп жатыр.

Шараға қатысушыларға Нұрсұлтан Назарбаев Қорының білім беру және әлеуметтік жобалары таныстырылып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

13 қазан сағат 11.00-де бұл жобаларды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің (Тәуке хан даңғылы, 5) студенттері мен педагогтарына таныстырады.

Сол күні осы ЖОО-да сағат 14.30-дан бастап Қордың атқарушы директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Конституциялық Кеңесінің бұрынғы төрағасы Игорь Роговтың дәрісі өтеді. Тақырып елдегі ең маңызды заңдардың даму тарихы туралы болмақ.

Сағат 15.00-де «Қамқорлық» жобасы аясында Қор бастамашылық еткен маңызды әлеуметтік нысандардың жұмысы таныстырылады. Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының «Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК базасындағы «Қамқорлық» ерте араласу орталығын (Шымкент қ., Қаратау ауданы, Нұрсәт шағын ауданы 125/1), «№2 оңалту орталығы» ШЖҚ МКК базасындағы «Қамқорлық» ерте араласу орталығын (Шымкент қ., Диваев к-сі, 32) және аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталығын (Шымкент қ., Бәйдібек би к-сі, 77а) аралайды.

Сағат 17.00-де «Талант №1» жекеменшік мектебінде (Жангелдин, 13) өңірдегі Қор күндері аясында оқудан өткен робототехник-оқытушыларға сертификаттар тапсыру рәсімі өтеді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының күндері әлемдік жұлдыздардың қатысуымен өтетін ауқымды концертпен аяқталады, ол сағат 19.00-де Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда (Қазыбек би көшесі, 7) өтеді.


Tags

В стране

»

ОНН и Россия готовят Глобальный цифровой форум в Москве


»

Пока бабушка с дедушкой проверяли холодильник, внучка выпала из окна


»

ЦППК бесплатно перевезла 4,1 тыс. велосипедов на ночном фестивале


»

Президент США Трамп заявил, что Турция пытается получить истребители F-35


»

Дефицит дешевой птицы вынуждает россиян платить больше за свинину


»

Т-Банк запустил онлайн-карту наличия топлива на АЗС


»

Новак: в экономике России сохраняется полный контроль


»

Пассажиры больше 30 часов ждали вылета из Казани: авиакомпании назначили штраф


»

Удар по автобусу с детьми из Белоруссии: в ООН заявили о попытке Киева втянуть Минск в войну


»

Польские пограничники пропустили в РФ немцев с поддельными правами


»

Роспотребнадзор: Воздух в Воронеже безопасен после атаки ВСУ


»

В Москве представили безалкогольные напитки с ресвератролом


»

Светлана Иванова о профессионализме тюменских медиков: «Спасают человеческие жизни»


»

Фура и Hyundai в ДТП: в Гагаринском районе погибли женщина и ребёнок


»

Минобороны Тайваня зафиксировало полет 21 самолета армии Китая вблизи острова



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]