политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Танымал актер Асқар Жұмабек 6,5 жылға сотталды


12.10.2023 18:09

Алматыда танымал актёр Асқар Жұмабекке сот үкімі шықты.

№2 Бостандық ауданының сотында меймандарды ұрып-соққан караоке-бардың қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Сотталушыларға бұзақылық жасады, бұзақылық пиғылда бір топ адамның денсаулығына қасақана ауыр және орташа зиян келтірді деген айып тағылды.

Сотта анықталғандай, былтыр 28 желтоқсанда қаладағы караоке-барлардың бірінде қонақтар мен мекеме қызметкерлері арасында жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқан.

Осы мекеменің күзетшілері мен ди-джейі, сондай-ақ барда болған олардың таныстары жәбірленушілерді ұра бастаған, олар қашуға мәжбүр болған. Алайда сотталушылар оларды көшеде қуып жетіп, төбелесті жалғастырған.

«Салдарынан бес жәбірленушінің екеуіне ауыр және орташа деңгейде денсаулығына зиян келген. Төбелес кезінде сотталушының бірі пышақ қолдануға тырысқан», — деп хабарлады соттан.

Сотталушы Асқар Жұмабектің бұрын да адам ұрып-соққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

«Сотталушылардың кінәсі куәгерлер мен жәбірленушілердің айғақтары, сот сараптамасы қорытындысы, бейнебақылау камерасына түсіп қалған бейнежазбалар арқылы расталды», — деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.

Сотталушылар өз кінәсін мойындаған жоқ. Жәбірленушілер де кешірім бермеді.

Прокурор оларды 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот үкімімен Ж., Қ., Т., С., Р., Н. және К. Қылмыстық кодекстің 293, 106 және 107 баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Бәріне 6 және 6,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Асқар Жұмабекті бас бостандығынан айыру түріндегі жаза 6 жыл 6 ай 15 күн мерзімге тағайындалды, өйткені ол бұған дейін ҚР ҚК 107 бабы (адамды ұрып-соғу) бойынша кінәлі деп танылған.

Сонымен қатар, соттың алдыңғы үкімі бойынша өтелмеген мерзіміне байланысты оған 15 күн қосылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Актёрдің өзі кінәсіз екенін айтып, Президентке видеоүндеу жасады.

«Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, құрметті Президент, сізден өтініп, көмек сұрағым келіп тұр. Мына видеоны түсіруге мәжбүр болып тұрмын. Себебі басымда бір іс болып жатыр. Құрметті сот, өзім халықтың алдында жүрген адаммын, өнер адамымын, актёрмін. Сол себепті осы видео сізге жетеді деген үміттемін», — деді ол.

Еске салсақ, актёр Асқар Жұмабек "Қарлығашт ұя салғанда", "Алғашқы махаббат", "Рауза" фильмдерінде ойнаған.


Tags

В стране

»

Минсельхозпрод объяснил январский рост спроса на белокочанную капусту


»

СК опубликовал видео допроса напавшего на АИТ студента


»

Губерниев разнес Пихлера после слов о российских спортсменах


»

С 2025 года поставки игрушек выросли в России в восемь раз


»

Союзники НАТО признали США ненадежным партнером


»

Быстрое песочное печенье — простой десерт из недорогих продуктов!


»

Терапевт дала ценные советы, как избежать дефицита цинка


»

Путин утвердил положение о Главном штабе войск национальной гвардии


»

Apple зарегистрировала товарный знак DockKit в России


»

Володин раскрыл, что нужно делать с необоснованным ростом тарифов ЖКХ


»

Тренер Сорин неудовлетворительно оценил спринты Коростелева и Непряевой


»

Костюшкин раскрыл свое отношение к хейтерам


»

Владелец сети «Вкусно — и точка» Говор сомневается в возвращении McDonald’s в РФ


»

Магистральный водопровод запустят между Красноярском до Солонцами


»

Гороскоп на 11 февраля: Овнам взять паузу, а Козерогам ловить удачу



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]