политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



74 жасар қария мен 72 жастағы әжей үйленді


22.12.2023 17:09

Махаббат жасқа қарамайды. Шымкентте 74 жастағы қария мен 72 жасар әжей шаңырақ көтерді. Тіпті олар заңды некесін де қиып үлгерді.

Найля Нұриева 72 жасында өмірлік серігін тапты, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде балдақтың көмегімен қозғалатын әжей бір кездері тіптен жүре алмайтын едім дейді. Ұзақ өмір сүру орталығында өз теңін тапқан ол, аяққа тұрып жүре бастағанына дән риза. Некесін заңды түрде қиған жұпқа орталықтан жеке бөлме де берілген.

«Біз 2 ай кездесіп жүрдік. Кейін ол маған сөз айтты, мен иә дедім. Некемізді де заңды түрде тіркедік. Мұнда біз бірге тұрамыз, тіпті бізге жеке бөлме де берілді. Бәріне алғыс айтамын. Бізде бәрі жақсы, бәрі бар»,- дейді 72 жастағы қалыңдық Найля Нұриева.

Қарттар үйінде жалпы саны 4 жұп бар. Орталықта зейнеткерлерге қажетті барлық жағдайлар жасалған. Қариялар онда түрлі ем-дом алып, спорттық жаттығулар да жасай алады. Мұнда сонымен қатар, компьютермен жұмыс істеп, өз-өзін дамытуға да болады.

«Осы қарттарымыздың жағдайын жасау мақсатында Шымкент қаласында 3 белсенді орталық ашылған. Ол жерде мықты дәрігерлер, қызметкерлер осы біздің қарияларымызға қызмет көрсетеді»,- Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева.

Ұзақ өмір сүру орталықтарында құжат тапсыру арқылы тегін ем-дом алуға болады. Сонымен қатар,мұнда ерекше жандармен жұмыс істейтін оңалту орталықтары да ашылған.


Tags

В стране

»

Sky News: Британский премьер подтвердил поддержку Украины


»

«Газпром» зафиксировал исторический максимум суточных поставок в КНР


»

"Макс" сообщил о временной остановке движения на Крымском мосту


»

NBC: На пляже в Калифорнии неизвестный мужчина избил морского льва


»

Иванников: координаты оружейной выставки на Украине могли передать офицеры ВСУ


»

Китайские метеорологи впервые применили рой беспилотников для изучения тайфуна


»

Россия нанесла ракетные удары по военным объектам Украины минувшей ночью


»

Юрий Кудинов раскрыл причины неудачи в переплыве Ла-Манша


»

Москва объявила реновацию для 500 жителей Бирюлево Западное


»

Токаев объявил о завершении полевых работ для АЭС в Казахстане


»

На Крымском мосту приостановлено движение автотранспорта


»

Крымский мост временно закрыт для автотранспорта по решению властей


»

BMJ: риск алопеции при приеме «Оземпика» выше, чем у аналогичных лекарств


»

Ведущий Привольнов заявил, что после отъезда из РФ осуществил мечты в Израиле


»

НАТО над Черным морем: разведчик Bombardier совершил два круга



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]