политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар ресейлік спортшыны 25 секундта нокаутқа жіберді


24.09.2023 18:07

Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық актёр және күрескер Еркебұлан Тоқтар Алматыда өткен OCTAGON 50 турнирінде жекпе-жек өткізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Оның қарсыласы 22-21 рекордымен белгілі Ресейлік Константин Чередниченко. Жекпе-жек бірінші раундтың 25-ші секундтында қазақстандықтың пайдасына нокаутпен аяқталды. Бейнежазбада көрсетілгендей, қарсылас асқазанға соққы тигеннен кейін ауырсынуын баса алмай жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Сонымен қатар, актёрдің әлеуметтік желідегі жанкүйерлері мұндай жеңіске наразы болды. Олар өз талаптарын Еркебұланның Instagram парақшасында білдірді.

"Оған ұят емес пе?"

"Сәл мықтылармен шықсаңшы".

"Еркебұланға мына жекпе-жегі ұнамай қалды?"

"Көшедегі біреуді кіргізе салған ба?"

"Сатылғанға ұқсап тұр".

Еркебұлан Тоқтар "Замандастар" телехикаясының, "Бишарашки" фильмінің және басқа да көптеген картиналардың басты жұлдызы. 2017 жылы ол ZOR фильміндегі алғашқы басты рөлін сомдады. Бұған дейін фильмдерді түсіруге сахналық актёр ретінде қатысып, эпизодтық рөлдерді сомдаған.

ММА-да актёр 6 жеңіске жетіп, 3 жеңіліске ұшырады. Соңғы рет осы жылдың сәуір айында Алматыда өткен OCTAGON 44 турнирінде өнер көрсетті. Ол жекпе жегінде Еркебұлан 21 жастағы ирандық Паям Назариге тұншықтыру әдісімен жеңіліп қалды.


Tags

В стране

»

На 20 суток посадили в Астане разбившего автобусную остановку мужчину


»

Вагоны обновили еще в одном пассажирском поезде Казахстана


»

Как отдыхаем на Новый год


»

В Алматы военнослужащие поздравили фронтовика с днем рождения


»

В Карагандинской области появится аграрный кластер


»

Миллионные штрафы и контроль: к чему готовиться бизнесу в 2026 году


»

Телесмотрение в Казахстане выросло на 21%


»

Президент выразил соболезнования родным и близким Асанали Ашимова


»

"Великолепный ритейл" или ставка на Турцию


»

Поиски охотника завершились трагически в Атырауской области


»

Сюрпризы от предков


»

Снижение цен на нефть и замедление добычи на Тенгизе могут ослабить тенге


»

Каким был узбекистанец, погибший во время стрельбы в университете Брауна


»

Мобильные переводы: что изменится с 2026 года


»

Отравление угарным газом произошло в поезде в Алматы



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]