политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Астанада ер адам әйелінің туысын 10 миллион теңгеге өлтіруге тапсырыс берген


09.01.2024 17:07

Астанада әйелінің туысын тапсырыспен өлтіруді жоспарлаған ер адамға қатысты іс қаралды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық сотқа сілтеме жасап.

2023 жылдың 3 қарашасында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты тапсырыспен адам өлтіру ісі бойынша екі ер адамға үкім шығарды.

"Сотталушы Ш. алдын ала сөз байласу арқылы пайдакүнемдік ниетпен кісі өлтіруге дайындықты ұйымдастырғаны үшін 10 жылға, ал Н. көмек көрсеткені 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", — деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі.

Сот мәліметінше, сотталушы Ш. сотталушы Н.-ны әйелінің әпкесін 10 миллион теңгеге өлтіруге жалдаған. Қылмысты жасауға түрткі болған, сотталушы Ш.-ның әйелінің туысы сақтауға қалдырған ақшаны жұмсап қоюы.

"Өз кезегінде сотталушы Н., өзінің досы В.-ға адам өлтіруді ұсынады. Алайда В., бұл туралы полицияға хабарлаған. Полицейлер адам өлтіруге тапсырыс беруші мен сыбайласты ұстау үшін жәбірленушінің жалған өлімін ұйымдастырып, күдіктілерді ұстады", — деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Қорғаушы тарап апелляциялық шағымында үкіммен келіспей, Ш. мен Н. жәбірленушіні өлтіруге емес, оның ақша туралы біраз уақытқа ұмытуын көздеп, тек ұрып-соғуға тапсырыс бергенін айтты.

"Алқа сотталғандардың кінәсі куәгердің жалданған кісі өлтіру орындаушысы В.-ның тұрақты айғақтарымен, әңгімелесу стенограммасымен, тәркіленген заттай дәлелдемелермен толық дәлелденген деген қорытындыға келді. Осыған байланысты, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді".


Tags

В стране

»

Хозяева в собственном доме: почему Россия имеет право на свои правила


»

Тюменский рынок такси вышел из тени: число легальных перевозчиков выросло на четверть


»

Раздвоение личности: как Трамп и Рубио пытаются усидеть на двух стульях в диалоге с Пекином


»

Пожары в Европе нанесли ущерб более 3 млрд евро


»

Бурляев призвал начать фильмы о СВО до завершения операции


»

Призраки Дуная: уровень воды упал, и со дна поднялись корабли нацистской флотилии


»

Забудьте о лопате: картошку копаю вилами — спина не болит, а клубни целые


»

Зеленскому не простят «откровенное геополитическое хамство»: Иран готов ударить по Украине


»

Госдума рассмотрит внесение вакцины от ВПЧ в календарь прививок


»

Погибший при взрыве в Москве охранник получит премию имени Кеосаяна


»

ООН предупредила о риске эпидемии ВИЧ из-за снижения финансирования


»

МИД: атаки ВСУ на гражданские суда на Каспии создают угрозу безопасности


»

Комик Максим Киселев получил выигрыш через 11 месяцев ожидания


»

Ученый РАН скончался в Екатеринбурге после избиения


»

Шесть иностранных блогеров отправятся в путешествие по Золотому кольцу



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]