Қытайда табиғи газ өндіру тамызда 3,7% өсті
22.09.2020 00:00
Ресми мәліметтерге сәйкес, өткен айда Қытайда табиғи газ өндірісінің өсімі баяулады.
Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) хабарлауынша, табиғи газ өндірісі шілде айында болған 4,8 пайыздық өсімнен шегініп, өткен айда 3,7 пайызға өсіп, 14,2 миллиард текше метрге жетті.
Орташа тәуліктік өндіріс 460 миллион текше метрді құрады. Үстіміздегі жылдың сегіз айында елде табиғи газ өндіру өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8 пайызға өсіп, 122,5 миллиард текше метрге жетті.
Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, өткен айда елге табиғи газ импорты жылдық есептеу бойынша 12,3 пайызға өсіп, 9,36 миллион тоннаға жетті.
Xinhua Silk Road — Belt and Road Portal, China