политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



"Масқара": Белгілі журналист Алматы әуежайына қатысты жанайқайын айтты


17.10.2023 22:38

Белгілі журналист Шыңғыс Мұқан Алматының әуежайына қатысты жанайқайын жеткізді.

Ол Алматы әуежайы тым тар екенін, оның орнына ірі әуежай салу керектігін кесіп айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оның айтуынша ол мұндағыдай кептелісті шетелге сапарға шыққан сайын көреді екен.

"Елің үшін мақтанатын кездер де, өкінішке қарай, ұялатын кездер де болады. Алматының әуежайынан ұшқан сайын ұяламын, әсіресе шетелге шықсам. Ал биыл мен осы әуежайдан 5 рет шетелге ұшыппын. Жыл соңына дейін тағы екі-үш сапарым бар.

Екі миллион халқы бар ешқандай қалада мұндай масқара әуежай жоқ шығар. Өзің үшін ұялмайсың, ауласына көлікпен кірсең шыға алмайтын, шықсаң кіре алмайтын, орын таппай тығылып, әжетханаға кірсе мұрнын шымшып шығатын шетелдіктер үшін ұяламын.

Осы ма елдерің, масқара деп кететіндей. Олай айтатындай бар ғой, рас қой. Әуежай — қонақтар келгенде алғашқы және соңғы әсер алатын орын. Бұл әсер туристік тұрғыдан да, елді қабылдау (восприятие) тұрғысынан да аса маңызды. Қазақстанға, Алматыға пәленбей миллион турист келді/келеді деп кеуде соғып жүргендерді осы залда күттіріп, майшабақтай тығылысқан автобуспен ұшаққа апарып мінгізер ме еді.

Үйге қонақ келер болса, әсіресе құдалар сияқты маңызды қонақтарды күтетін болсақ, үйді ақтап-сырлап, қол сүртетін сүлгіге дейін жаңасын сандықтан шығарып, кесенің жиегі сырлысын ұсынатын халықтың ниетіне бұл көрініс еш сай емес. Алматының әуежайынан ұшқан сайын осы постты жазам деп оқталам, осы жолы сәті түсті. Неге бұлай болды деген сауал мазалайды.

1. Алматы астана мәртебесінен айырылған соң бұл қалаға аса көңіл бөлінбегендей (жолайрықтар мен метроны есептемегенде).

2. Көңіл бөлетін, шешім қабылдар шенеуніктер виппен ұшады.

Осы екі себеп, менің ойыма түскені. Басқа себеп болса, комментке жаза кетіңіз.

Жаңа терминал салыстырмалы түрде жуырда ғана басталды. Түріктер келіп қолға алмағанда біткен екенбіз. Ал мұндай терминал Түркияның әуежайында емес, әрбір автовокзалында бар, мақтанатындай емес", — деп жазды ол.


Tags

В стране

»

Жители Акмолинской области вместо летнего отдыха потеряли миллионы тенге


»

В мировой торговле растёт индекс неопределённости. Как это повлияет на Казахстан?


»

В Казахстане выросли выплаты по КАСКО на фоне резкого роста числа ДТП


»

От акциза на фруктовые и овощные соки решили отказаться в Кыргызстане


»

Пакистанская инженерная компания хочет открыть цифровой банк в Казахстане


»

Мошенники используют логотип Нацбанка в Кыргызстане


»

Супружеская пара едет верхом на лошадях в Астану из Китая


»

Интерьер нового Zeekr 9X за 43 млн тенге впечатлил автоблогера


»

Рост ВВП Казахстана за 8 месяцев составил 6,5%


»

Полицейские задержали 21 человека за нелегальную разработку недр в ВКО


»

Четыре машины, которые механик не советует брать в 2025 году


»

Какие скрининги казахстанцы могут пройти бесплатно


»

Агротехнологический хаб создадут в Карагандинской области


»

Базарбек обосновал, почему должен получать зарплату в 30 млн тенге


»

Сабырхан досрочно вышел в четвертьфинал ЧМ по боксу в Ливерпуле



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2025

Редакция - [email protected]