Telegram мессенджерінде ақау пайда болды
03.10.2024 12:12
Telegram жұмысындағы жаппай ақау Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де байқалған.
Downdetector сайтының деректеріне сәйкес, Telegram жұмысындағы жаппай ақау Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де байқалған.
Қазақстандықтар хабарлама жіберу және кешігулерге шағымданды. Хабарламаларды жіберу әрекеті кезінде де проблемалар бар және Telegram-арналарындағы ақпарат жаңармайды. Мұндай проблема қолданбаның мобильді және десктоп нұсқаларында да, браузердегі веб-нұсқада да байқалған.
Сурет: ашық дереккөздерден