политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Семей қаласын қандай өзгерістер күтіп тұр


06.10.2023 09:16

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласын абаттандыруға жоспарланған жұмыстарға тоқталды.

Биыл Молдағалиев көшесінен Жамбыл көшесіне дейінгі көшенің бойында жаңа шағын ауданның құрылысы басталды. Оның аясында көпқабатты тұрғын үй, әлеуметтік, шағын және орта бизнес нысаны, мектептер, сондай-ақ, кең жағажай салынады.

Қазіргі таңда 1200 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр. Бұл "Новостройка" және "Океан" аудандарында оқушыларға орын тапшылығын азайтады. Ғимарат "KAZ Minerals" ЖШС-мен жасасқан меморандум аясында салынады. Мектеп 2024 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.


"Бас жоспарды жүзеге асыру аясында Конгресс-холл мен стадион салу да жоспарланған. Мұнда заманауи Жаңа-Семей болады. Қосымша көгал аймағы да қарастырылған. Ескі үйлердің барлығы бұзылады. Молдағалиева көшесінің бойында жағалау салынады", — деді аймақ басшысы.



Бүгінде сол жағалаудағы көпір асты кеңістігін ретке келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Мұнда қабырға суреті бар спорт алаңы, баскетбол және футбол алаңы, 250 шам орнатылған сәулеттік жарықтандыру, амфитеатр, фуд-корт және отбасылық мейрамхана бар. Сондай-ақ, бұзақылық фактілерін алдын алу үшін учаскелік полиция пункті орналасады. Кеңістіктің ашылуы 10-15 қазанға жоспарланған.

Айта кетсек, абаттандыру жұмыстары да жан-жақты қарастырылған. Мердігерлердің айтуынша, климатқа сай көпжылдық өсімдіктер егілген.

Жамақаев және Мәңгілік Ел көшелерінің бойындағы қоғамдық кеңістікте де жөндеу жұмыстары жалғасып отыр, яғни спорт және балалар ойын алаңы, шағын архитектуралық нысан орнатылып жатыр. Бүгінде жарықтандыру, спорт және балалар ойын алаңы мен Жамақаев көшесіне амфитеатр орнату, Мәңгілік Ел көшесіне жабын төсеу және шағын нысанды орнату жұмыстары жүргізілді. Жақын арада 26-ға жуық нысанды қамтитын жаяу жүргіншілер көшесін жөндеу, 5000 шаршы метрден астам жаяу жүргіншілер аймағын жасау және 200 орындық автотұрақ орналасатын кеңістік салынады.

Сондай-ақ, Ертіс жағалауынан Бейбітшілік аралына дейін жаңа жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталады. Бұл жоба аясында теміржол салынып, түрлі ұлттардың киіз үйі тігілген этноқалашық, сондай-ақ балалар ойын алаңы салынады.


"Бейбітшілік аралына дейін жаяу жүргіншілер көпірі салынады, ол жерде облыс қонақтары мен тұрғындарын этноқалашыққа, саябаққа және биологиялық орталыққа апаруға мүмкіндік беретін теміржол болады", — деді облыс әкімі.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Tags

В стране

»

Липосакция и пластика без документов: жительницы Мангистау массово жалуются на косметологов


»

Неиспользуемые земли на более чем 147 млн тенге вернули в госсобственность в области Ұлытау


»

Генпрокуратура защитила китайского инвестора от препятствий при реализации проекта в СЭЗ «Хоргос»


»

Где в Казахстане можно зарядить электромобиль на республиканских трассах?


»

Злополучные посиделки


»

Безработные казахстанцы получили кредиты на сотни миллионов по поддельным справкам


»

Илон Маск обеспечивает интернетом поезд в Боровое


»

Международные партнеры отметили успех Казахстана в сфере водной дипломатии


»

Новые требования к охране воздуха Алматы: в акимате прокомментировали деление города на экологические зоны


»

Угонщика машины в Караганде взяли в кольцо за считанные секунды (ВИДЕО)


»

Новый банк BNK нарушил нормативы, не проработав и месяца 


»

Стюардессу уволили из-за боязни высоты спустя 40 лет работы в авиакомпании


»

Власти отказалась повышать минимальную зарплату казахстанцев


»

Тафгай, не гони лошадей!


»

Землетрясение магнитудой 3,2 произошло в Каспийском море



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2025

Редакция - [email protected]