политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



"Ислам мемлекеті" Мәскеудегі теракт үшін жауапкершілікті өз мойнына алғанын растады – Америкалық БАҚ


24.03.2024 18:06


АҚШ "Ислам мемлекеті" "Крокус Сити Холлда"болған қарулық шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алғанын растады.

Бұл туралы The New York Timesамерикалық ресми өкілдерге, сондай-ақ BBC News аты аталмаған америкалық шенеунікке сілтеме жасай отырып жазады.

"Америкалық шенеунік CBS News-ке АҚШ-та Ислам мемлекетінің Крокустағы террорлық шабуыл үшін жауапкершілік алғаны туралы мәлімдемелерін растайтын барлау мәліметтері бар екенін және олар бұл негіздемелерге күмәнданбайтындарын айтты", — деп жазады CBS.

The New York Times газетінің хабарлауынша, наурыз айында АҚШ "Ислам мемлекетінің" Ресейдегі шабуылды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат жинаған. “Ислам мемлекетінің” мүшелері Ресейде белсенді жұмыс істейді, деп хабарлады америкалық шенеуніктердің бірі.

Soufan Group қауіпсіздік консалтингтік фирмасының терроризмге қарсы сарапшысы Колин Кларк "Хорасан Ислам мемлекеті" яғни Ұйымның Ауғанстандағы ДАИШ-К деп аталатын бөлімшесі соңғы екі жылда Путинді өздерінің үгіт-насихатында сынға алып, Ресейге "қадалып алды" деп түсіндіреді. ДАИШ-К мүшелері Ресейдің Шешенстандағы, Сириядағы және Ауғанстандағы соғыстарын айта отырып, мұсылмандардың қаны олардың қолында деп санайды.

The New York Times сонымен қатар АҚШ-тың Ресейдегі шабуылдар қаупі туралы тек 7 наурызда ғана емес, ресейлік шенеуніктерге де жеке хабарлағанын хабарлайды.

Айта кетсек, бүған дейін ДАИШ (ИГИЛ) террористік тобы Мәскеудегі шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды деген ақпарат тараған болатын. Кейіннен лаңкестік топтың ресми арналары шабуыл туралы еш мәлімет бермеген.

Еске сала кетсек, Еске сала кетсек, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Бүгінде көз жұмғандар саны 60-қа жетті.


Tags

В стране

»

Как отдыхаем на Новый год


»

В Алматы военнослужащие поздравили фронтовика с днем рождения


»

В Карагандинской области появится аграрный кластер


»

Миллионные штрафы и контроль: к чему готовиться бизнесу в 2026 году


»

Телесмотрение в Казахстане выросло на 21%


»

Президент выразил соболезнования родным и близким Асанали Ашимова


»

"Великолепный ритейл" или ставка на Турцию


»

Поиски охотника завершились трагически в Атырауской области


»

Сюрпризы от предков


»

Снижение цен на нефть и замедление добычи на Тенгизе могут ослабить тенге


»

Каким был узбекистанец, погибший во время стрельбы в университете Брауна


»

Мобильные переводы: что изменится с 2026 года


»

Отравление угарным газом произошло в поезде в Алматы


»

В Алматы открылся AlmaU AI Lab: университет запускает концепцию «Tolyq AI»


»

Международная конференция по правам человека и развитию пенитенциарной системы проходит в Астане



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2025

Редакция - [email protected]