политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



"10 млн теңге": Павлодарда Наурыз мерекесіне Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртасты шақыруға қомақты қаражат жұмсалатыны рас па


13.03.2024 18:09

Павлодар қаласында өтетін Наурыз мерекесіне арналған іс-шарада Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртас өнер көрсетеді.

Мерекелік концерт 22 наурызда Орталық алаңда өтеді. Жұлдыздарға төленетін гонорарға қала бюджетінен барлығы 10 млн теңге бөлінген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар әкімі орынбасары Светлана Гладышева мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы lifepvl.kz — ке сілтеме жасап.

"Негізгі сома, әрине, біздің жұлдыздарға кетті. Біз Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртастың гонорары өте қымбат екенін түсінеміз. Олардың жалпы гонорары шамамен 10 млн теңгені құрайды", — деді мерекелік бағдарламаның шығындары туралы сұраққа жауап берген Светлана Гладышева.

Наурыз мейрамын павлодарлықтар екі күн бойы атап өтеді. Мәселен, 21 наурызда мерекелік іс-шаралар қаланың 14 шағын ауданында сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін өтеді. Ол аудандарда көрме ретінде киіз үйлері орнатылады:

- Усольский шағын ауданы;

- Олжабай батыр шағын ауданы;

- Ломов көшесі, 64 үй, Торайғыров университеті;

- Ломов көшесі, 45 үй, Инновациялық Еуразия университеті;

- Толстой көшесі, 82-үй;

- Орталық мәдениет және демалыс саябағы;

- Ломов көшесі, 38-үй, Жастар бастамаларын дамыту орталығы;

- Гагарин саябағы;

- Литвинов көшесіндегі алаң;

- Сураганов көшесі, 3-үй;

- Камзин көшесі, 67/1 үй;

- Жаңауыл шағынауданы;

- Теміржолшылар шағынауданы;

- "Жайлау" базары.

Сондай-ақ, мерекелік бағдарламалар Павлодардың барлық қала маңындағы ауылдарында өтеді.

Ал, 22 наурыз күні қаланың орталық алаңында сағат 11.00-де мерекелік іс-шаралар басталады. Мұнда үлкен сахна мен алты тақырыптық киіз үй орнатылады.

Кривенко, Қайырбаев және Астана көшелерінде жастарға арналған ұлттық ойындар мен ойын-сауық аймақтары жұмыс істейтін болады. Барлық ниет білдірушілер мобилография бойынша мастер-класқа қатысып, "Ру грим" және "Қазақ art"алаңдарына бара алады. Сондай-ақ садақ ату, арқан тартыс пен қазақша күресте жарысу, асық ойнау секілді ұлттық ойындар ұйымдастырылады.


Tags

В стране

»

Как отдыхаем на Новый год


»

В Алматы военнослужащие поздравили фронтовика с днем рождения


»

В Карагандинской области появится аграрный кластер


»

Миллионные штрафы и контроль: к чему готовиться бизнесу в 2026 году


»

Телесмотрение в Казахстане выросло на 21%


»

Президент выразил соболезнования родным и близким Асанали Ашимова


»

"Великолепный ритейл" или ставка на Турцию


»

Поиски охотника завершились трагически в Атырауской области


»

Сюрпризы от предков


»

Снижение цен на нефть и замедление добычи на Тенгизе могут ослабить тенге


»

Каким был узбекистанец, погибший во время стрельбы в университете Брауна


»

Мобильные переводы: что изменится с 2026 года


»

Отравление угарным газом произошло в поезде в Алматы


»

В Алматы открылся AlmaU AI Lab: университет запускает концепцию «Tolyq AI»


»

Международная конференция по правам человека и развитию пенитенциарной системы проходит в Астане



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2025

Редакция - [email protected]