политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Түркістан облысында білім саласында 2,6 млрд теңге жымқырылған


04.12.2023 17:03

Күдіктілер 2020-2023 жылдар аралығында білім саласында жұмыс істемейтін адамдардың шотына ақша аударған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа портал Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысында білім саласының қызметкерлері 2,6 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Шардара және Сарыағаш аудандары білім бөлімдерінің бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Күдіктілер 2020-2023 жылдар аралығында білім саласында жұмыс істемейтін адамдардың шотына ақша аударған, сондай-ақ мектеп қызметкерлеріне жоғары жалақы есептеген. Жымқырылған қаражат – 2,6 млрд теңге", — деп жазылған ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта 17 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр, олардың 4-і қамауға алынды.

"Залалды өтеу мақсатында 39 жылжымайтын мүлік, 44 автокөлік, зергерлік бұйымдар және қылмыстық істер бойынша айыпталушылардың ақшалай қаражаты бұғатталды", — дейді Антикор.

Сонымен қатар тергеу барысында Түркістан облысы тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы әшкереленген.

"Ол Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудит барысында анықталған жымқыру фактілерін жасырған. Сондай-ақ Жетісу облысында 2,5 жыл ішінде 4,4 млрд теңге жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топ — қалалық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды", — деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Қылмыстық топта басшы мен оның қарамағындағылар және орта мектеп бухгалтері болған. Барлығы 13 адам.

Бұған дейін Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Ақтөбе, Алматы және Жетісу облыстарында қылмыстық схемалар ашылған болатын.


Tags

В стране

»

На Energy Saving Week отметили вклад Казахстана в развитие энергоэффективных технологий


»

Креатив по-казахски: Реклама, которой можно гордиться


»

В Астане пройдет фестиваль крытых культурных городских пространств SPACES.Nur-sultan


»

«Эффект выставки спорный»: Какой будет жизнь после EXPO-2017


»

Выбираем подарки для близких: BORK для самых искушенных ценителей прекрасного


»

adidas Originals представил легендарные модели в новой кампании Home of Classics


»

Семь нескучных идей для встреч с друзьями


»

5 новых мест Алматы


»

Премьера спектакля, электронная музыка и кинопоказы


»

Shadowax, джаз и стендап: Как провести выходные в Алматы


»

Куда идти, на что смотреть: 6 мероприятий выходных


»

Как я искал квартиру в Алматы


»

«У мужчин больше силы, у женщин — техники и мышления»


»

Америку сажают на шпагат: во что превращается супердержава


»

Что выбирают казахстанцы: автолизинг, кредиты и жилье?



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2025

Редакция - [email protected]