политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



«Мықты бапкерлер ауылда қой бағып жүр»: Қазақ күресін «мазақ» күреске теңеген сарапшы елді шулатты


20.11.2023 17:11

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов елдегі спорт саласындағы былықты жайып салды.

Ол қазақ спортының құрдымға кеткенін де ашып айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ол бұл ретте елдегі таэквандо федерациясының басынан дау арылмағанын ашып айтты.

«Біздің бір жаман қасиетіміз күліп қарап, сырттан жамандау. Бітпейтін интрига, сөйтіп федерацияның жұмысы жайына қалып жатыр... Мен енді сенімдімін, Олимпиададан таэквандодан ұлттық құрама ала алмайды жүлде, таэквонда да сондай әдет бар, федерацияның ішінде бір-бірімен қырылып жатады. Бізде жүйе өзгермейді, 775 млн кете береді... Бірақ аз уақыт қалды... Мықты бапкерлер ауылда қой бағып жүреді. Ондай жерлерге көнетін адамдарды таңдайды ғой, айтары жоқ, айтқандарымен жүретін, айтқандарынан шықпайтын. Жүйе жоқ, сол кері әсер етіп жатыр. Қашанғы жүре береміз енді? Болды ғой енді...», — деп кесіп айтты сарапшы.

Сонымен бірге, сарапшы Парижде өтетін олимпиадада өзбек боксшылары топ жаратынын атап өтті.

«Парижде Өзбекстан екі дүркін әлем чемпиондарын шығарады. Біздің ол арман еді. Бекзат Саттарханов олимпиаданың екі-үш дүркін чемпионы болғысы келді, ол марқұм болып кетті. Одан кейін Бахтияр Артаев ізін жалғағысы келді. Қазір ондай мүмкіндік бар Данияр Елеусінов те бар. Бірақ оны бірінші өзбектер жасап кетейін деп тұр. Оларда Хасанбой Дусматов пен Баһадүр Жалолов бар, солар олимпиаданың екі дүркін чемпионы болуы мүмкін. Көрдіңіз бе? Қазақтың арманын, өзбектер орындап кетіп жатыр. Қазір Даниярдың стилі ұлттық құрамаға өте қажет болып жатыр. Ол ойнайды, билейді... Қазіргі Даниярдың әрекеттерін төрешілер қатты бағалайды. Біздікі классика, түртіп жүріп бокстасады... Париж олимпиадасында бізде «провал» болады», — деді журналист.

Сұхбат барысында ол қазақ күресі жайлы да сөз қозғады.

«Сіз айтып отырған әңгіме ол «Өнер барысы» жайлы. Сол кезде жаздым, қазақ күресі мазақ күреске айналып кетті деп. Одан кейін жоба авторлары, қатысушылар маған ренішін білдіріп жатты. Өйткені қатысушылар бастарына үкі тағып шықты. Бір-бірінің бетінен сүйіп жатты бозкілемде. Мысалы жапондарда дзюдо күресі бар, олар татамиді сыйлайды, одан түскенде бес рет басын изеп кетеді. Дәл солай кәрістер өзінің дзюдосын, өзбектер өзінің курашын, таталар белбеу күресін мазақ қылғанын көрген жоқпын. Біз неге қазақтар қазақ күресімізді мазақ қылуымыз керек? Егер мазақ қылғыларың келсе сахнаға шығыңдар, бірақ анау кілем ғой? Онда Қажымұқан да күрескен, ол қасиетті нәрсе...Сондай кезде әрине жаның ашиды. Басы-қасындағылар сабақ алған сияқты, тағы да айтамын өзбектер біздің арманымызды орындап кетті. Бізде сол баяғы дау, қазақы менталитет, ырду-дырду әңгіме, сөйтіп жүргенде өзбектер «курашын» Азия ойындарына қосып жіберді», — деді ол.


Tags

В стране

»

Нариман Курбанов стал трехкратным чемпионом Азии по спортивной гимнастике


»

Трое мужчин напали на полицейских в Астане


»

Маму одного из осужденных по делу Шерзата Болата увезли на скорой


»

Девушку изнасиловали в ночном заведении Алматы


»

Еще один ЖК горел в Астане


»

Новые правила предоставления госгрантов для НПО вступают в силу в Казахстане


»

Голливудский продюсер репостнул ролик ко Дню государственных символов РК


»

В Казахстане ужесточили штрафы за нарушения ПДД и ввели общественные работы


»

Сказочные герои Пушкина ожили в День защиты детей  


»

Президент РК поздравил казахстанцев с Днем защиты детей  Дополнено


»

Как летать с детьми: правила авиаперевозок в Казахстане


»

Назначен гендиректор KMG Kashagan B.V.


»

Варварская обрезка и незаконная вырубка: что происходит с "зелеными легкими" Алматы


»

В Астане ограничат движение на проспекте Туран с 30 мая


»

Прокурор по делу Бишимбаева тронула сеть постом о детях (ВИДЕО)



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2025

Редакция - [email protected]