политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



"Елімізде әділетсіз сотталған ең соңғы адам мен болайыншы деді": Ислам Әбішев өз өзіне қол жұмсаған Жампозов туралы бар шындықты айтты


15.01.2024 17:08

Су ресурстары комитетінің экс-басшысы Ислам Әбішев өз өздеріне қол жұмсаған қос серіктесі Өмірбек Жампозов пен Сейілхан Мұхамадиев туралы ел білмейтін құпиямен бөлісті.

Преображенское су торабын жөндеу жұмыстарына бөлінген 640 миллион теңгені жымқыру айыбы бойынша айыпты деп танылған "Қазсушар" мекемесінің басшысы Өмірбек Жампозов құқыққорғау органдарына оқ атып, кейін өзін өзі атып өлтірсе, "ҚазСуШар" Алматы облыстық филиалының басшысы Сейілхан Мұхамадиев тергеу кезінде 4-ші қабаттан секіріп қайтыс болған

Ислам Әбішев бұл туралы "Қасқа жол" You Tube арнасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мен қолымнан келгенше Жампозовқа араша болдым. Өзінің қызметкері сотталып жатса, соны ақтау үшін сотқа барып сөз сөйлеген адам тарихта бар ма? Мен оның сотына барып, "егер, Жампозов жемқор болса, онда сот мырза, сіздер бәріңіз жемқорсыздар. Мұндай таза адам жоқ. Босқа әуре болмаңыздар, бұл құдайға қарсы шығу" деген сияқты өте көп эмоционалды сөздер айттым. Олардың мақсаты Жампозовқа маған қарсы сөз айтқызу болды. Сейілхан Мұхамадиев ("ҚазСуШар" Алматы облыстық филиалының басшысы, тергеу кезінде 4-ші қабаттан секіріп қайтыс болған — ред) бәріміз қатар болдық, ол да да қайтыс болып кетті. Осы 3-4 адам 300 млрд, 1 триллион ақша үнемдеу мәселелерін көтерген негізгі адамдар болды. Жампозов қайтыс боларының алдында әйеліне бір хат, маған бір хат қалдырған. "Мына әділетсіздікке шыдамай кетіп барамын. Елімізде мен соңғы әділетсіз сотталған адам болайыншы" деп жазған. Мұхаммадиев 4-ші қабаттан секіріп кетті. Ол негізі секіретін адам емес еді. Ол желтоқсан айында келіп, "мен жұмыстан шығайын" деп айтқан. Бірақ, сол кезде "Қызылағаш оқиғасы" болып мен жұмысты аяқтап кет деп жібермей отырғанмын. Жүрегім ауырып жүр деген соң 30 қаңтар күні зейнетке шығардық. Сол күні түнде үйінен алып кетіп, таңға дейін тергеген. Таңда ол секіріп кеткен. Ол 63-64-ке келген адам, әлі оған айып тағылмаған. Ол қалай секіріп кетеді? Ол жүрегі ауырып жүрген адам. Азанымен ұстайтын ол террорист па еді?. Екі бірдей серіктесімнің осылай қайтыс болуы жүрегіме ауыр тиеді. Олардың балаларымен араласып тұрамын. Бұл кісілерді жүйенің үлкен құрбандары деп санаймын", — дейді Ислам Әбішев.

Экс-шенеунік экология және табиғи ресурстар министрі болған Зүлфия Сүлейменованың кәсіби біліктілігіне көңілі толмағанын да жасырмады.

"Ол кісінің ешқандай тәжірибесі жоқ. Оның басшы болып жұмыс істеуі қиын мәселе. Су саласында өте ауыр мәселелер болды. Небір жұмыс жұмыс істейтін дұрыс азаматтарды қуып, алаяқ адамдардың айтқанымен жүрді. Әрі қарай солай жалғаса бергенде өте ауыр жағдайға түсіп кететін еді. Ол кісі су саласын мүлде білмейді. Екіншіден, кадрлармен жұмыс істеуде өте үлкен қателіктерге жол берді. Су саласының қызметкерлері ол кісі туралы жоғары жаққа ашық жазып жүр. Менің сол кезде қатты жүрегім ауырды. Кейін жоғары жақта түсінген болу керек, ауыстырды ғой", — дейді су ресурстары комитетінің экс-басшысы.


Tags

В стране

»

В МВД раскрыли способы предотвращения взлома паролей мошенниками


»

Стоимость капибар в России роезко выросла из-за дефицита и популярности


»

Синоптик рассказал о приближении аномального марта


»

Сын зарубил мать топором, расчленил ее тело и разложил части по пакетам


»

Экономист Ордов заявил, что огурцы в России продолжат расти в цене


»

В ГД предложили запретить россиянам курить в автомобилях


»

Минсельхозпрод объяснил январский рост спроса на белокочанную капусту


»

СК опубликовал видео допроса напавшего на АИТ студента


»

Губерниев разнес Пихлера после слов о российских спортсменах


»

С 2025 года поставки игрушек выросли в России в восемь раз


»

Союзники НАТО признали США ненадежным партнером


»

Быстрое песочное печенье — простой десерт из недорогих продуктов!


»

Терапевт дала ценные советы, как избежать дефицита цинка


»

Путин утвердил положение о Главном штабе войск национальной гвардии


»

Apple зарегистрировала товарный знак DockKit в России



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]