политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Баспагерлер бас қосты


28.11.2023 17:13

Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰлттықУниверситетінде «ЗАМАНАУИ БАСПА ІСІ: ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИКАСЫ»атты кездесу өтті.

Іс шара Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының бастамасы бойынша Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры, Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар ассоцациясы, Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Журналистика факультеті, баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының бірлесуімен ұйымдастырылды. Оған осы салада белсенді жұмыс атқарып жүрген ондаған қазақстандық замануи баспалардың жетекшілері, ақын-жазушылар және Баспа ісі мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер жиналды.

Басқосуда соңғы жылдары осы салада болып жатқан түрлі тенденциялар сөз болды. Шараның модераторы, Қаз ҰУ журналистика факультетінің деканы Темірғали Көпбаев соңғы жылдары Қазақстандағы баспа ісі саласында түрлі жағымды құбылыстар байқалып жатқандығын айтты.

«Кеңестік кезеңнен жұмыс жасап келе жатқан баспалар тек мемлекеттік тапсырмамен жұмыс жасауға үйренген. Қазір үкіметтің күшіне жүгінбей, өз күшімен жұмыс жасайтын, нарықпен бетпе бет келіп жүрген баспалар пайда болды. Негізгі үміт осындай үлгіде жұмыс жасайтын мекемелерде. Әлемдік кітап нарығына қосыламыз десек осындай баспалардың жұмысы күшею керек», – деді. ҚР Кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов бұл пікірді құптады.

«Қазір елде нарықты түсінетін, сұранысқа жұмыс жасай алатын, жоғары сапаны қамтамасыз ете алатын баспалар күш алып келеді және бұл тенденция жылдан жылға артып жатыр», – деді.

Палата басшысы Қазақстандағы баспа ісі бойынша қандай проблемалар туындап, қандай жағымды құбылыстар барын сипаттап берді. Баспа ісі кафедрасының меңгерушісі Айгүл Рамазан жастарды баспагерлік салаға қызықтыру үшін осындай іс шаралардың көп болу маңызды екенін айтты.

«Бүгінгі жастарда шектен тыс танымалдыққа ұмтылушылық байқалады. Неғұрлым тез атақты болып, тез байып кеткісі келеді. Журналист болса бірден жүргізуші болғысы келеді. Жұрттың көзінде болғысы келеді. Бүгінгі баспагерлерді көріп, олардың қандай жетістікке қол жеткізгендерін естіп көзқарасы өзгерер», – деді.

Кафедра жетекшісі Қазақстанда баспа ісі бойынша білікті мамандар тобы қалыптасу үшін баспалар жастарды тәжірибеден өткізуге келісім берсе деген ниетін жеткізді. KitapAl кітап дүкендері желісінің өкілі, бірнеше кітаптың авторы Мирас Кесебаев кітап маркетингіндегі негізгі мәселелерге тоқталды. Клиенттермен жұмыс жасаудың механизмдерімен, нарыққа анализ жасаудың жолдарымен, тақырып таңдаудың ерекшеліктерімен бөлісті. Баспагердің ойлары Баспа ісі кафедрасының оқытушыларына және студенттерге ұнады.

«Қазына» кітап дүкенінің негізін қалаушы Алмас Шайкен Баспа ісі мамандығы бойынша білім алып жатқан жастармен тұрақты кездесулер өткізіп тұратынын бұл істі әлі де жалғастыра беретінін айтты.

Шараны «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының директоры Бағдат Құдияр «Оқырман ұлт» жобасы аясында өткізілген шаралар туралы қорытынды баяндамасымен аяқтады.


Tags

В стране

»

Япония закупила партию нефти с Сахалина у России


»

«Возмутительные заголовки»: стало известно о крушении популярности Трампа


»

Анпилогов: "Союз-5" обеспечил России космический суверенитет


»

Основателю «Русагро» заявили иск на 999 млн рублей


»

В Екатеринбурге задержан мужчина, который пытался прорваться к губернатору


»

Премьер в роли грузчика: Фицо устроился в ночную смену развозить хлеб


»

Трамп отменил пошлины на шотландское виски по просьбе Карла III


»

Россияне отреагировали на слова Валентины Матвиенко о богатеющих «наших людях»


»

В Екатеринбурге задержаны подростки, помогавшие ВСУ наводить дроны


»

Прокуратура Швеции арестовала сухогруз Caffa по запросу другой страны


»

Адвокат Власова: Исинбаева может лишиться счетов из-за долгов по ЖКХ


»

Стрелку часов Спасской башни Казанского Кремля снесло ветром


»

К чаю пеку печенье из творога и муки — творожные «Монетки»: мягкие, рассыпчатые, с хрустящей сахарной корочкой


»

Россияне стали чаще инвестировать в золото


»

Минобороны сообщило об использовании трофейного дрона "Баба-яга"



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]