политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Президент: Алдымызда тұрған міндет – мұнай-газ саласында қосылған құны жоғары кластерлер құру


04.10.2023 18:09

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан XV KazEnergy Еуразиялық форумына қатысушыларға құттықтау жолдады.

Президент құттықтауын Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев оқып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазіргі жаһандық энергетика маңызды климаттық және геосаяси қиындықтарға тап болып отыр. Бұл энергетикалық қауіпсіздіктің, тұрақты энергия жеткізу тізбегінің және «жасыл» технологияның маңыздылығын көрсетеді. Қазақстан экспорттық бағыттарды, сондай-ақ қажетті көліктік-логистикалық инфрақұрылымды белсенді дамыта отырып, әлемдік нарыққа энергия ресурстарын сенімді жеткізуші ретінде өзін танытты», — деп атап өтеді Мемлекет басшысы.

Президенттің атап өтуінше, отын-энергетика кешені еліміздің үдемелі ілгерілеуінің басты қозғаушы күштерінің бірі саналады. Сала ауқымды шетелдік инвестициялар мен жаңа технологияларды тартады.

«Сонымен бірге біз экономиканы дәйекті әртараптандыруға ерекше назар аударамыз. Біздің алдымызда тұрған міндет — серпінді жобаларды, оның ішінде мұнай мен газды терең өңдеу саласындағы жобаларды іске асыру арқылы қосылған құны жоғары кластерлерді құру. Еліміз таза және жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасады және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын қабылдады. 2030 жылға қарай елдің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі кемінде 15 пайызды құрауы тиіс. Бүгінгі форум мен Қазақстанның энергетикалық апталығы барысында қатысушылар идеяларымен алмасып, энергетикалық секторды одан әрі дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлейтініне сенімдімін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Tags

В стране

»

Россиянам рассказали, какие подарки учителю будут считаться взяткой


»

Экс-министр обороны Украины признал постепенное поражение Киева


»

Советник президента сравнил потенциалы ОПК России и НАТО


»

Ксения Собчак раскрыла свой вес после похудения в Instagram


»

Соседов обвинил SHAMAN в порче хита Киркорова «Единственная моя»


»

В США обещают 10 млн долларов за информацию о командовании КСИР


»

Бывшая девушка Джонни Деппа вошла в состав нового сезона шоу «Титаны»


»

Sohu: Сергей Лавров устроил Токио большие проблемы по линии ООН


»

Цена на золото обновила майский максимум


»

Билл Дэйли: участие России в Кубке мира 2028 не зависит от IIHF


»

«Скатились до террора»: в РФ дали оценку действиям украинской власти


»

Смерч лишил света 2,8 тыс. домохозяйств на юге Франции


»

МИД РФ обнародовал доклад о преследовании УПЦ на Украине


»

Собчак повторно оштрафовали за просрочку уплаты предыдущего штрафа


»

Путин выразил надежду на скорую встречу с Моди



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]