политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



"Бұл – зор құрмет пен ризашылықтың белгісі": Мемлекет басшысы Виктор Орбанды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады


02.11.2023 17:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанға I дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы салтанатты рәсім барысында Виктор Орбанның екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

"Бүгінгі жоғары деңгейдегі сындарлы келіссөздер біздің берік қарым-қатынасымызды тереңдетуге және стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге тың серпін берді. Халықтарымыз арасындағы достық арқауын және өзара тиімді байланыстарды нығайту ісіндегі айрықша рөліңізді ескере отырып, Сізді I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл – зор құрмет пен ризашылықтың белгісі. Сондай-ақ Қазақстан мен Мажарстанның – достас екі халық бірлігінің әрі өзара сенім мен сыйластыққа негізделген қатынастарды нығайтуға деген ниетіміздің айқын көрінісі. Осы марапат ынтымағымызды одан әрі дамытуға және ортақ игілік жолындағы бірлескен жұмысымызға септігін тигізетініне сенімдімін", – деді Президент.

Қазақстанның жоғары наградасымен марапаттағаны үшін Виктор Орбан Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бар күшін жұмсауға дайын екенін мәлімдеді.


Tags

В стране

»

Wildberries запретил проносить на объекты фототелефоны


»

Петербургский подросток стал самым молодым террористом России


»

Хозяева в собственном доме: почему Россия имеет право на свои правила


»

Тюменский рынок такси вышел из тени: число легальных перевозчиков выросло на четверть


»

Раздвоение личности: как Трамп и Рубио пытаются усидеть на двух стульях в диалоге с Пекином


»

Пожары в Европе нанесли ущерб более 3 млрд евро


»

Бурляев призвал начать фильмы о СВО до завершения операции


»

Призраки Дуная: уровень воды упал, и со дна поднялись корабли нацистской флотилии


»

Забудьте о лопате: картошку копаю вилами — спина не болит, а клубни целые


»

Зеленскому не простят «откровенное геополитическое хамство»: Иран готов ударить по Украине


»

Госдума рассмотрит внесение вакцины от ВПЧ в календарь прививок


»

Погибший при взрыве в Москве охранник получит премию имени Кеосаяна


»

ООН предупредила о риске эпидемии ВИЧ из-за снижения финансирования


»

МИД: атаки ВСУ на гражданские суда на Каспии создают угрозу безопасности


»

Комик Максим Киселев получил выигрыш через 11 месяцев ожидания



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]