политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Қазақстан президенті Қауіпсіздік кеңесінде құмар ойындарға қатысты тапсырма берді


05.09.2023 07:06

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.

"Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды", – деді Президент.

Президент осы жаман әдетке, әсіресе, жастар әуес екеніне назар аударып, мемлекеттік органдарға азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырды.

"Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс", – деді Президент.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы салалық министрліктерге нақты міндеттер жүктеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев құмар ойынға тәуелді азаматтардың қатысы бар қылмыстар көбейгеніне құқық қорғау органдарының назарын аударып, алдын алу жұмыстарын жүргізіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.

Президент елімізде лудоманияның белең алуына қарсы бағытталған әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруда қоғамның, дін қызметкерлерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі ерекше екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы ойын бизнесі саласындағы қаржылық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандыру қажет екеніне назар аударды

"Барлық қаржы қозғалысын қадағалап, заңға қайшы әрекет анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау маңызды", – деді Президент.

Жиын барысында Үкімет мүшелері мен бірқатар мемлекеттік орган басшылары баяндама жасады.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев халық арасындағы құмар ойынға тәуелділікпен күресу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық-идеологиялық шаралар кешенін қабылдауды тапсырды.

Сурет: Aqorda.kz


Tags

В стране

»

People: Кантри-певица Долли Партон умерла после борьбы с раком


»

Россиянам рассказали, какие подарки учителю будут считаться взяткой


»

Экс-министр обороны Украины признал постепенное поражение Киева


»

Советник президента сравнил потенциалы ОПК России и НАТО


»

Ксения Собчак раскрыла свой вес после похудения в Instagram


»

Соседов обвинил SHAMAN в порче хита Киркорова «Единственная моя»


»

В США обещают 10 млн долларов за информацию о командовании КСИР


»

Бывшая девушка Джонни Деппа вошла в состав нового сезона шоу «Титаны»


»

Sohu: Сергей Лавров устроил Токио большие проблемы по линии ООН


»

Цена на золото обновила майский максимум


»

Билл Дэйли: участие России в Кубке мира 2028 не зависит от IIHF


»

«Скатились до террора»: в РФ дали оценку действиям украинской власти


»

Смерч лишил света 2,8 тыс. домохозяйств на юге Франции


»

МИД РФ обнародовал доклад о преследовании УПЦ на Украине


»

Собчак повторно оштрафовали за просрочку уплаты предыдущего штрафа



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]