политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Ақтөбеде 6655 әскери бөлімінің 30 жылдығына орай мерекелік шара өткізілді


03.07.2023 10:09

Фото: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақтөбеде 30 жыл бойы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, адал жауынгерлік қызмет атқарып келе жатқан 6655 әскери бөлімінің 30 жылдығы атап өтілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6655 әскери бөлімінің ардагерлері және әскери бөлім жеке құрамы қатысты.

Осыдан 30 жыл бұрын «Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасының заңына, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 25.02.1992 жылғы №158 Қаулысына, Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер Қолбасшысының 30.06.1993 жылғы №012 бұйрығына сәйкес Ақтөбе қаласында күзету, сотталғандар мен қамауға алынған тұлғаларды темір жол көлігімен айдауылдау, Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік міндеттер жүктелген 6655 әскери бөлімі құрылған болатын. Міне бүгінде аталмыш датаға орай 30 маусым бөлімде мерекелік күн ретінде аталып өтіледі. Бұл күні талай жыл ел мүддесі жолында адал қызмет етіп жүрген әскери бөлім қызметшілеріне және ардагерлерге құрмет көрсетіледі. Биыл да қоғаммен, қала тіршілігімен біте қайнасып, уақытпен санаспай халық тыныштығын қору мақсатында алдыңғы шептен табылатын 6655 әскери бөлімінің жеке құрамы бөлімнің 30 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті.

30 жылдық мерейтойға арналған мерекелік іс – шара Қазақстан Республикасының әнұранын шырқаумен басталып, құттықтау сөздермен жалғасты. Жиын басында сөз алған бөлім командирі барша жиналған қауымды мерекелік датамен құттықтап, бөлімнің құрылу жолындағы әрбірінің ерен еңбегін атап өтті.

«Бүгін барлығымыз үшін айтулы дата, ерекше мереке. Бүгін біздің әскери бөлімнің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бұл көп те, аз да уақыт емес. Дегенмен осы жылдар ішінде әрқайсымыз бөліммен тығыз қарым-қатынаста болдық. Тарих хронологиясында әрқайсымыздың жеке орнымыз бар. Осы жолда барлқтарыңыздың бөлімнің өркендеуі жолындағы өлшеусіз еңбектеріңіз үшін алғыс білдіргім келеді. 6655 әскери бөлімі қай уақытта болмасын өздеріне бекітілген жауынгерлік тапсырмаларды абыроймен атқарып келеді. Сондай – ақ әскери бөліміміз мемлекетімізбен бірге есейіп, өздеріне артылған міндетті сенімді атқарып Ұлттық ұлан әскерінің даму жолында өз үлесін қосуда. Әскери бөлім арнайы дайындықты қажет ететін ең күрделі міндеттерді орындайды. Осы орайда өздерінің міндеттерін аса қырағылықпен атқарып жүрген әскери қызметкерлердің адал қызметін атап өтпеске болмайды. Олардың арасында үздік қызметімен көзге түсіп жүргендер де баршылық. Бүгінгі керемет датада, әскери бөлімнің құрылған күні мерекесі қарсаңында барлық осы әскери бөлімге еңбегі сіңген ардагерлерімізді, жалпы жеке құрамды 30 жылдық мерейтоймен құттықтай отыра, бар жақсы лебіздерді арнағым келеді. Еліміздің өркендеуі жолындағы жауапкершілігі жоғары қызметтеріңізге толағай табыс және сарқылмас қуат тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», – деді бөлім командирі полковник Мирас Турдалин.

Осы орайда бөлімге еңбегі сіңген ардагер — бөлімнің алғашқы командирі подполковник Қуатов Бақыткерей Сейткерейұлын айтып өткен жөн. Ардагер мерекелік шараға қатыса алмаса да, игі лебіздерін білдіріп, бөлімге деген ыстық ықыласын жаудырды. Алғашқы командирлік қызметін атқарған әскери бөлім өзіне ыстық екенін жеткізіп, бөлімнің қалыптасу кезеңдерін баяндап берді.

«Ең алғаш бөлімде саусақпен санарлық адам қызмет атқарса, қазір мыңдаған әскери қызметші ел тыныштығын қорғауда. Бұл мен үшін үлкен абырой, мақтаныш. Әлі күнге дейін сол кездерді еске алып, сағынып отыратыным өтірік емес. 30 жылдық мерекеге орай шын жүректен бөлімнің өркендеуін тілеймін. Жеке құрамға, сарбаздарға және барша халыққа тек амандық тілеп, тек жақсылықта жолығайық дегім келеді» , - деп мерекелік құттықтауын жеткізді.

Жиын барысында іс-шара қонақтары сөз сөйлеп, бөлімнің жеке құрамын айтулы мерекелерімен құттықтады. Бұдан басқа мінсіз қызмет еткен және жауынгерлік дайындықта үздік деп танылған бірқатар әскери қызметшілер алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталып, іс – шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Айта кетейік, әскери бөлім қызмет барысында қала ішіндегі қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарынан бөлек талай жылдар бойы экстремистік топтарды құрықтау, жаппай тәртіпсіздіктерді жою бойынша арнайы операцияларға қатысқан болатын. Атап өтер тағы бір жайт, жан қиярлықпен шайқасып, ел тыныштығын қоруда өз өмірлерін бәске тіккен сарбаздарға құрмет ретінде бөлім аумағында 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш қойылған.

Айбарша Лекерова


Tags

В стране

»

Си Цзиньпин в Астане: как меняется сотрудничество Казахстана и Китая


»

Казахстан и Китай выходят на новый уровень культурно-гуманитарного взаимодействия


»

Число получателей выплат по потере работы в Казахстане превысило 200 тыс. человек


»

Первая АЭС будет полностью принадлежать Казахстану


»

Я не согласен – глава Самрук-Қазына о критике в адрес фонда


»

Из-за ремонта дороги перекроют часть улицы братьев Жубановых


»

Не могу вернуть лекарство. Совет юриста


»

Нариман Курбанов стал трехкратным чемпионом Азии по спортивной гимнастике


»

Трое мужчин напали на полицейских в Астане


»

Маму одного из осужденных по делу Шерзата Болата увезли на скорой


»

Девушку изнасиловали в ночном заведении Алматы


»

Еще один ЖК горел в Астане


»

Новые правила предоставления госгрантов для НПО вступают в силу в Казахстане


»

Голливудский продюсер репостнул ролик ко Дню государственных символов РК


»

В Казахстане ужесточили штрафы за нарушения ПДД и ввели общественные работы



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2025

Редакция - [email protected]