политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



2023 жылдың қорытындысы: Пайдаланылмай жатқан 4,6 миллион гектар жер қайтарылды


25.12.2023 17:07

Үкімет ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы 2023 жылғы нәтижелерге арналған шолуды ұсынды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс көлемін ұлғайту және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын арттыру бойынша стратегиялық міндеттер қойғанын еске салып өтті.

  • Осы жылдың 11 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 8,2 трлн теңге болды. 16,6 млн тонна дәнді дақылдар, 2,1 млн тонна майлы дақылдар және 5 млн жем-шөп дақылдары жиналды. Өткен жылдан ауысқан қорды есептегенде, жиналған өнім ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге жеткілікті.
  • Қазақстанның мал шаруашылығы саласы тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Осы жылдың 11 айында өнім өндіру көлемі 3,3%-ға артып, 3,8 трлн теңгені құрады.
  • Ірі қара мал басы 2,9%-ға (9 млн бас), ұсақ мал басы 4%-ға (23,6 млн бас), жылқы 8,3%-ға (4 млн бас), түйе 5,3%-ға (277,6 мың бас), сондай-ақ құс 9,5%-ға (54 млн бас) өсті.
  • Азық-түлік өндірісінің көлемі 1,9%-ға өсіп, 2,9 трлн теңгені құрады. Атап айтқанда, сары май өндірісі 18,4%-ға (28,7 мың тонна), ірімшік пен сүзбе өндірісі 9,3%-ға (39,8 мың тонна), өңделген сүт өндірісі 3%-ға (548,1 мың тонна), шұжық өнімдерінің өндірісі 1,9%-ға (61,4 мың тонна), өсімдік майы өндірісі 1%-ға (609,4 мың тонна) ұлғайды.
  • Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы АӨК саласындағы ірі өнеркәсіп жобаларын іске асыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін басқа өңірлерге тарату мақсатында ауқымды жұмыс басталды.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту арқылы "Ауыл аманаты" атты ауыл халқының табысын арттыру бағдарламасын ауқымды түрде іске асыру басталды. 2023 жылы бұл мақсаттарға 100 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 17 мың шағын несие беру жоспарланып отыр, бұл 18 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Жалпы бүгінде шамамен 69,4 млрд теңге сомаға 11,3 мың шағын несие берілді.

Пайдаланылмай жатқан және заңнама талаптарын бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша жұмыс жалғасуда. 2023 жылы мемлекетке 4,6 млн га, ал 2022 жылдың басынан бері 10 млн га қайтарылды. Жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі мәселесінің өзектілігін ескере отырып, қайтарылған жерлер тиісті елді мекендерге бекіту арқылы басым тәртіппен шаруалардың пайдасына беріледі.


Tags

Финансы

»

Множество ножевых ранений: жестокое убийство произошло в Есике


»

Кайрата Нуртаса везут в спецприемник – источник


»

Синоптики предупредили жителей Атырау и Актобе


»

Ранее выступавшему за Россию теннисисту разрешили представить Казахстан на Олимпиаде


»

Пятые Всемирные игры кочевников презентуют участникам ШОС в Астане


»

Эрдоган и Путин провели переговоры на полях саммита ШОС в Астане


»

Сазаны есть, а карпфишинга - нет


»

В Минсельхозе ответили на рассылку о зараженном мясе из Кыргызстана


»

В Атырау появятся 20 новых автобусов


»

Июль начался с магнитной бури


»

Более 45 тысяч заявок по установлению инвалидности рассмотрено в РК


»

Мы впервые приняли закон, защищающий интересы населения, а не банков – Кошанов


»

Сдают сырые законопроекты – работу правительства раскритиковали


»

"Мы не можем быть идеальными мамами": Байзакова посвятила пост подписчицам


»

Минюст и АО «БТА Банк» добились победы в Американском суде присяжных над сообщниками М. Аблязова и В. Храпунова



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2024

Редакция - [email protected]