политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Қазақстанда Kcell, Tele2, Altel және Beeline компанияларына қатысты тергеу басталды


27.12.2023 17:10

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі абоненттердің бағаны көтеру туралы өтініштерін қарау аясында биыл тарифтік жоспарлардың шарттары мен ұялы байланыс қызметтеріне бағаның өзгеру динамикасын талдады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылы ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары бойынша бағаның 7,7%-дан 57,3%-ға дейін айтарлықтай өсуі тіркелгені анықталды. Осылайша, 2023 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында ғана ұялы байланыс операторлары өздерінің ресми сайттарында ақпаратты жариялап, ай сайынғы абоненттік төлеммен 30-дан астам тарифтік жоспарда көрсетілетін қызметтердің құнын бірінен соң бірі көтерген.

"Осыған байланысты, Кәсіпкерлік кодекстің 199-бабының 3-тармағын ескере отырып, бір күнтізбелік жылда бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттердің белгілерін қайта анықталуына байланысты Агенттік Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша қазір "Кселл" АҚ, "МТ–С" ЖШС (Tele2/Altel) және "Кар-Тел" ЖШС (Beeline) ұялы операторларына қатысты тергеп-тексеруді бастады", — делінген агенттік хабарламасында.

Сонымен қатар бұған дейін Агенттік ұялы байланыс операторларының бір минут сөйлесулердегі қоңыраулардың құнын және тарифтік жоспарлардағы бір SMS-ті белгілеу жөніндегі әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдардың белгілерін (Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы) анықтаған еді.

"Осыған байланысты ұялы байланыс операторларына бағаны негізді төмендету жолымен анықталған белгілердің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберілді. Ұялы операторлар хабарламаны белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда Агенттік тергеп-тексеру жүргізу туралы да шешім шығарады", — деп қосты агенттік.


Tags

В стране

»

Суд в Москве оштрафовал корпорацию Google за неудаление запрещённого контента


»

Администрация Рижского рынка ответила на слухи о сносе


»

В Марий Эл более 1100 человек пострадали от укусов клещей


»

Россияне охладели к продукции компании Apple из-за зарубежных ограничений


»

Кабачки в пряной овощной заливке — закрываю на зиму побольше: крутая закуска к мясу и картошке


»

В Белгородской области три человека погибли при атаках БПЛА


»

Красноярский край утвердил стратегию развития энергосистемы до 2037 года


»

Telegraph: Премьер-министр Британии Бернем провалил первое испытание на лидерство


»

В ООН сделали заявление после решения Путина об обвобождении Гилмана


»

Лёша Свик и Ксения Ткачёва вновь подали заявление на развод


»

Александр Дугин предложил ввести строгую цензуру на фильмы без семьи


»

Китай пригрозил США своим ответом на санкции против России


»

Курганская жительница арестована за жестокое убийство подруги


»

Минсельхоз РФ открыл платформу ПУСК для ускоренной селекции растений


»

В Польше назвали число находящихся в стране украинцев



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]