политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Қазақстанда осал топтағы азаматтарға берілген жалдамалы баспана өз аттарына аударылатын болады


26.10.2023 08:48

Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов айтты.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында Парламент Мәжілісінде қандай жұмыс атқарылғаны туралы хабардар етті. Халықпен кездесулер өткізгенде тұрғындар тарапынан сатып алу құқығынсыз жалға берілген тұрғын үйлерді жекешелендіру мәселесі жиі көтерілгенін айтты.

"Мұндай көпқабатты және бірқабатты тұрғын үйлер Абай облысының Семей қаласы мен барлық аудандарында салынған.

Сайлаушылар жиі көтерген осы мәселені шешу үшін Парламент Мәжілісінде қандай жұмыс атқарылғаны туралы хабардар етейін.

Мен және бірнеше әріптесім жалдамалы баспананы жеке меншікке алуға мүмкіндік беру үшін тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасына тиісті ұсыныстар бердік", — деп жазды халық қалаулысы.

Белгілі болғандай, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде осы заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобында бұл мәселе жан-жақты қаралып, Үкіметте ұсыныс қабылданды.

"Бұл ұсынысты Үкімет қолдап,оң қорытындысын берді.

Мемлекет меншігіндегі мұндай пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарына берілген болатын. Адамдардың оны жеке меншікке сатып алуға, жекешелендіруге құқығы болмаған еді.

Ал, енді жекешелендіруге рұқсат етілген соң, азаматтар жалға берілген пәтерді жеке меншігіне ала алады", делінген депутат жазған постта.

Халық қалаулысы ең алдымен Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарға баспаналарын тегін жекешелендіруді ұсынуда.

Айта кетейік, жалпы 2017 жылдан бастап еліміздің өңірлеріңде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 40 мың жалдамалы үй салынған.

Сурет: ашық дереккөздерден, Facebook

Похожие материалы (по тегу)


Tags

Финансы

»

Ремонт центральной площади в Балхаше возобновили после судебных тяжб


»

Утвержден план работы Исполкома Фонда спасения Арала на период председательства Казахстана


»

Бакытбек Рахымбердиев назначен начальником Службы антитеррора


»

"Барыс" прервал серию из трех поражений, одолев "Автомобилист" в овертайме


»

Пожар на зернохранилище потушили огнеборцы в Уральске


»

Хорошей новостью для индивидуальных предпринимателей поделились в Минфине


»

Минтруда сделало заявление касательно выплат казахстанцам 70 тыс. тенге от соцфонда


»

Сильнейшая магнитная буря накрыла Землю


»

Сколько международных наблюдателей могут приехать в Казахстан на референдум


»

В Казахстане арестовали россиянина за незаконный переход границы


»

Добрые традиции: акция чистоты после концерта Димаша


»

Казахстан занял первое место на Всемирных играх кочевников


»

Мужчина скончался после укуса прохожего


»

Назначен аким Алатауского района Алматы


»

В Казахстане появятся новые пошлины на покупки с зарубежных сайтов



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2024

Редакция - [email protected]