политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



"Есірткі үшін": Інісін пышақтап, бой тасалаған шымкенттік ұсталды


24.08.2023 18:13

Шымкентте інісін өлтірген күдікті қызметтік иттің көмегімен дер кезінде ұсталды.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, өткен демалыс күндері Еңбекші аудандық ПБ-ның «102» арнасына кісі өлімі туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Халық үніне сілтеме жасап.

Шақырту бойынша жедел-тергеу тобымен бірге Шымкент қалалық ПД бастығының орынбасарлары Серік Ергешов пен Арман Бейсенбаев және аудан прокурорлары да шыққан. Мекенжайға жеткен полиция қызметкерлері үйдің ауласынан зорлық белгілері бар ер адамның өлі денесін тапқан.

Анықталғандай, жергілікті тұрғын отбасылық жанжал кезінде інісінің кеуде тұсынан ас үй пышағымен ұрып, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Полиция департаментінің бас жедел уәкілі Арман Бейсенбаевтың нұсқауымен криминалдық полицияның жедел уәкілі Құттыбек Оңалбеков пен кинолог Мейіржан Қасымбеков қызметтік итті ертіп, үй маңында орналасқан темір жол жақты іздеуге шыққан. Полиция иті Грей бірден ізді анықтап, тәртіп сақшыларын киімін ауыстырып үлгерген күдіктіге апарған.

Қызметкерлер ер адамды қамауға алды.Ағайындылар арасындағы жанжал марқұмның бауырына есірткіні қолдануды тоқтату керек деген ақылынан басталғаны белгілі болған.

Бүгінде аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін іс бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.


Tags

Финансы

»

Множество ножевых ранений: жестокое убийство произошло в Есике


»

Кайрата Нуртаса везут в спецприемник – источник


»

Синоптики предупредили жителей Атырау и Актобе


»

Ранее выступавшему за Россию теннисисту разрешили представить Казахстан на Олимпиаде


»

Пятые Всемирные игры кочевников презентуют участникам ШОС в Астане


»

Эрдоган и Путин провели переговоры на полях саммита ШОС в Астане


»

Сазаны есть, а карпфишинга - нет


»

В Минсельхозе ответили на рассылку о зараженном мясе из Кыргызстана


»

В Атырау появятся 20 новых автобусов


»

Июль начался с магнитной бури


»

Более 45 тысяч заявок по установлению инвалидности рассмотрено в РК


»

Мы впервые приняли закон, защищающий интересы населения, а не банков – Кошанов


»

Сдают сырые законопроекты – работу правительства раскритиковали


»

"Мы не можем быть идеальными мамами": Байзакова посвятила пост подписчицам


»

Минюст и АО «БТА Банк» добились победы в Американском суде присяжных над сообщниками М. Аблязова и В. Храпунова



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2024

Редакция - [email protected]