политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Абай облысындағы ауыл мектептеріне 13 мыңнан астам кітап таратылды


24.04.2025 06:13

Игі шара қоғам белсенділерінің бастамасымен іске асты.

Абай облысында "ASSYLTAS" қоғамдық қорының бастамасымен, облыс әкімдігі мен халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының қолдауымен " Артық білім кітапта " жобасы жүзеге асты.

Дүние жүзілік кітап күніне орай ұйымдастырылған жоба аясында өңірдегі 233 ауыл мектебіне жалпы саны 13 980 дана кітап жеткізілді. Әр мектепке арнайы әзірленген қорап ішінде 60 түрлі кітаптан құралған жинақ берілді. Бұл жинаққа қазақ және әлем әдебиетіндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығармалар енген. "Қазақ тарихының әліппесі", "Алаш жылнамасы", "Қош бол, майдан", "Соңғы соққы", "Ағыраптағы аты жоқ адам" сынды рухани мазмұны терең шығармалар бар.

Жобаның мақсаты – ауыл мектептерінің кітапханаларын мазмұнды кітаптармен толықтырып, балалардың кітап оқуға деген ықыласын арттыру, Абай өңірінде оқу мәдениетін дамыту.

Бұл бастама балалардың ойлау қабілетін арттыруға және тілдік қорын байытуға ықпал етеді. Кітаптар Аягөз қаласынан өңір мектептеріне жөнелтілді. Аудандық, қалалық білім бөлімі басшылары, ауыл мектептерінің кітапханашылары ерекше қуанышпен қабылдады. Кітаптар тек таратылып қоймай, олардың оқылуы да назарда болады. Жыл соңында осы жинақтар бойынша оқушылар арасында байқау ұйымдастырылып, үздіктерге бағалы сыйлықтар табысталады.

"Артық білім – кітапта" – әр баланың болашағына салынған іргетас. Біз осы арқылы өзге өңірлердегі кәсіпкерлер мен елге жанашыр азаматтарды да кітап сыйлауға үндеуді мақсат етеміз. Өйткені, кітап оқитын бала – ұлттың үміті. Ал кітапты құрметтейтін халық – мәңгі жасайтын ұлт", – дейді жоба авторы Дулат Тастекей.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі


Tags

В стране

»

На 20 суток посадили в Астане разбившего автобусную остановку мужчину


»

Вагоны обновили еще в одном пассажирском поезде Казахстана


»

Как отдыхаем на Новый год


»

В Алматы военнослужащие поздравили фронтовика с днем рождения


»

В Карагандинской области появится аграрный кластер


»

Миллионные штрафы и контроль: к чему готовиться бизнесу в 2026 году


»

Телесмотрение в Казахстане выросло на 21%


»

Президент выразил соболезнования родным и близким Асанали Ашимова


»

"Великолепный ритейл" или ставка на Турцию


»

Поиски охотника завершились трагически в Атырауской области


»

Сюрпризы от предков


»

Снижение цен на нефть и замедление добычи на Тенгизе могут ослабить тенге


»

Каким был узбекистанец, погибший во время стрельбы в университете Брауна


»

Мобильные переводы: что изменится с 2026 года


»

Отравление угарным газом произошло в поезде в Алматы



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]