политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



«Черный двор», Слово пацана» туындылары жасөспірімдерге кері әсер етіп жатыр - ІІМ


05.12.2023 17:46

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыровтың айтуынша, полиция қызметкерлері сол сериалдардың кейіпкерлерінің тағдырын мысалға келтіріп, тәрбие жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Алайда ол да жеткіліксіз» дейді Зұлқайыров.

Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

«Жасөспірім балалардың қылмысқа баруының бір себебі – бос уақытында ештеңемен айналыспауы, үйірмелерге бармауы. Қылмысқа барған жасөспірімдердің 60 пайызы ешқайда жұмыс істемейді, еш жерде оқымайды. Әке-шешелер тірлікпен жүргенде балалар бос өз еркімен жүреді. Тәулік бойы интернетте, тик-токта отырады. Ол жерде зорлық-зомбылық, дөрекілік пен боқтық сөздер, әртүрлі пранктардың бәрі көрсетіліп жатыр. Оның бәрі қоршаған ортаға деген сыйластықты қалыптастырмайды. Сонымен қатар, жасөспірімдерге «Черный двор», «Пацанские история», «Тараз», «Слово пацана» секілді сериал, фильмдер кері әсер етіп жатыр», — деді Зұлқайыров сенатта.

Оның айтуынша, өз тарапынан полиция қызметкерлері Оқу-ағарту министрлігімен бірге осы фильмдердің кейіпкерлерінің тағдыры не болғанын баян етіп, түсіндіріп-ақ жатыр.

«Бірақ бұл жеткіліксіз. Жергілікті жерлерде идеологиялық жұмыс әлсіз. Экрандарда жағымды мысалдар аз», — дейді ол.

Айта кетсек, сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде «Отбасы-неке қатынастарынан туындайтын дауларды қарау кезінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелер» тақырыбына арналған отырыс өтір жатыр. Отырыс барысында отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар және басқалар талқылануда.


Tags

В стране

»

Казахстан открыл первый районный IT-центр, объединяющий технологии и креатив


»

Трех граждан Китая арестовали в Грузии за попытку купить уран


»

Страховая компания Standard Life превращается в семейный бизнес


»

Мерген Мендигалиев назначен прокурором города Атырау


»

Незаконные сооружения в водоохранных полосах Ертиса будут снесены


»

В Атырау детей спасли из заваленной мусором квартиры с тараканами


»

Нового главу департамента КГД назначили в Астане


»

Как казахстанцы отдохнут в октябре


»

Золотой поединок состоится в Алматы


»

Поскандалил, потерпел - миллиард?!


»

К 2027 году более трех тысяч сел будут подключены к высокоскоростному интернету


»

В Казахстане все государственные мобильные сервисы объединят в экосистемы eGov и Aitu


»

О новшествах при реконструкции рощи Баума рассказали в акимате


»

Водолаз, герой, наставник: спасателя Игоря Максимова чествовали в Акорде


»

Часть зданий в Алматы отключат от электричества



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2025

Редакция - [email protected]