политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



"Қанша аш болсаң да, аузыңа бір түйір нан салуға болмайтын да жерлер болады": Сәуле Әбілдаханқызы тәжіктердің жәрмеңкесіндегі жағдай туралы


29.08.2023 18:13

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы тәжіктердің жәрмеңкесінде болған ұят жағдайға байланысты пікір білдірді.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Иә, халық аш. Оны білеміз. Білгендіктен, халықтың қарнын тойдыру үшін біршама әрекеттер де жасағанбыз. Сонда надандар мен тойымсыздар, қанағатсыздар мен тексіздер ешқашан тоймайтынына көзіміз жеткен... (Олар төменде ғана емес, жоғарыда да бар... өте көп...)

Сонда біздің көзіміз жетті: рухани, морально аш адам ешуақытта тоймайды екен. Оларда тойыну сезімі, қанағатшылдық сезімі деген болмайды. Миында, ағзасында ондай функция (гармон) жоқ...

Рухани тоқ адамның қарны да тоқ болады. Аш болса да, арсыздыққа, ұятсыздыққа бармайды. Ұялу, арлану, намыстану сезімі күшті оларда...

Ораза кезін алыңыз. Бір табан болса да, Құдайға жақындағыңыз келеді. Күнұзақ аш жүресіз. Шыдайсыз. Тіпті, бірте-бірте үйреніп кетесіз. Қарныңыз ашпайтын болады...

Мұхаммед пайғамбарды алыңыз. Құдай оны тойдырып қойған екен. Қарны ашу деген сезім болмайды екен. Кұнұзақ бір құрма, бір ұрттам сумен де жүре береді екен...

Тамақсау, тойымсыз, мешкей адамдарды ұнатпаймын...

Алудың да, жеп-ішудің де өз мәдениеті бар... қанша аш болсаң да, аузыңа бір түйір нан салуға болмайтын да жерлер болады...

Негізі, соңғы кездері сөйлеуге де, жазуға да көп желание жоқ...

"Платформаны" көре салыңыздар...

(Күніне қанша рет, қанша тамақ жейсіздер?..)) мен таңертең 1 бокал балсу, сәлден соң 1 бокал кофе ішемін. Болды. Сонымен кешке дейін жүре берём. Түсте тамақ ішпеймін. Қарным ашпайды. Кешке ғана аздап қарным ашады. Шөлдегенде су ішемін. Кешке көбінесе 1 тәрелке сорпа. Кейде второй... 2 жылдан бері ағзам осыған әбден үйренген... "Болмасам да ұқсап бағайын" деп...))

Мүмкін мұндай рацион денсаулығыма зиян шығар, білмеймін, әзірге еш жерім аса қатты мазалаған емес... бірақ осы енді... пыросто қарным ашпаған соң тамақ іздемеймін", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.


Tags

В стране

»

Список предметов, которые нельзя оставлять в машине в жару


»

Си Цзиньпин в Астане: как меняется сотрудничество Казахстана и Китая


»

Казахстан и Китай выходят на новый уровень культурно-гуманитарного взаимодействия


»

Число получателей выплат по потере работы в Казахстане превысило 200 тыс. человек


»

Первая АЭС будет полностью принадлежать Казахстану


»

Я не согласен – глава Самрук-Қазына о критике в адрес фонда


»

Из-за ремонта дороги перекроют часть улицы братьев Жубановых


»

Не могу вернуть лекарство. Совет юриста


»

Нариман Курбанов стал трехкратным чемпионом Азии по спортивной гимнастике


»

Трое мужчин напали на полицейских в Астане


»

Маму одного из осужденных по делу Шерзата Болата увезли на скорой


»

Девушку изнасиловали в ночном заведении Алматы


»

Еще один ЖК горел в Астане


»

Новые правила предоставления госгрантов для НПО вступают в силу в Казахстане


»

Голливудский продюсер репостнул ролик ко Дню государственных символов РК



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2025

Редакция - [email protected]